АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әліпби – ұлт болашағының негізі[:]

[:kz]

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде латын әліпбиіне көшу туралы «Әліпби – ұлт болашағының негізі» атты дөңгелек үстел өтті, деп Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Дөңгелек үстелде бас қосқандар латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің одан ары дамуына және оның қолданылу аясының кеңеюіне әкеледі, және де түркі тілдес халықтарының барлығымен жақындастырады деп санайды. Бұдан басқа қазақ тілінің айтылу ерекшелігі, айтылу заңдылықтары да қалпына келеді деп отыр.

Аталмыш іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ф.ғ.к., профессоры Б.Шалабай, ф.ғ.к., доцент С.Жәнбек, ф.ғ.к., доцент А.Есмағұлов және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ТЖ бойынша проректоры А.Сейтқасымов және университет студенттері қатысты.

Алтынорда

[:]