АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әлі қыз» дедіңіз бе?[:]

[:kz]

Осыдан 10-шақты жыл бұрын бір жерде жұмыс істедім. Бастығым ұяң, нағыз қазақтың көркем мінезді, әдемі-ақ қызы. Кейде өзінен-өзі отырып «биылдан қалмай, қайтсем де күйеуге тиюім керек!» деп қояды. Бастапқыда әзілі шығар деп мән бермейтінмін. Қайта-қайта айта бергесін, жаным аши бастады. Бастығымның бойдақ жүргені менің де жаныма бататын болды. Қарап жүрмей, «жеңгетай» болып көрмек болдым. Айналамдағы жігіттерді іштей бір түгендеп қоям. Бәрінің бала-шағасы бар. Бойдақ бірі де жоқ. Содан, есіме, түуу, Созақта 30-дан асса да «отырыңқырап» қалған, жап-жақсы бір інішек ойға келе қалсын. Дереу әлгі баламен хабарласып, бастығымның мақтауын асырып тастадым. «Жұмыс істейді. Жалақысы жақсы. Бұрын тұрмыс құрмаған. Әлі қыз!»- демеймін ба?! Бастығым болашақ «күйеуінен» екі жас үлкен екен. «Өзіңмен түйдей жасты!» деп, оның да қиюын келтіре салдым. Құдай өзі кешірсін! Ендігі кезекте әлгі жүгермектің Алматыға келіп, танысуы ғана қалды. Осылайша, істі әбден пісіріп, бастығыма айтып жатырмын: «Ауылда түр десең түрі, бой десең бойы, бұрын үйленбеген інішек бар. Жақында келетін болды. Екеуіңді таныстырам». «Мен туралы не дедіңіз?» деп сұрады бастығым. «Не дейін? Жұмысы жақсы. Бұрын тұрмыс құрмаған. Әлі қыз! дедім», — демеймін ба? Сөйтсем, бастығым, компьютерде жазуын жазып отырып, «Ой, аға! «Әлі қыз» дедіңіз бе? Немене, сонда мені осы жасына дейін қарап жүрді дейсіз бе?» -дейді ақырын ғана. Не дерімді білмей, ішіп тұрған шайыма шашалып қалдым. «Жеңгетайлық» амплуамды сол сәтте талақ тастадым!

Қазір інішек басқа қызға үйленіп алған. Ана қыз әлі бойдақ.

Латын әліпбиіне көшеміз деп соншама даурығып едік. Мына нұсқа да «қарап жүрмеген» әліпби болды-ау!))

 

Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан

Алаш Айнасы 

 

 

[:]