АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]А. Есміовтің қырғыз басшысына айтқаны: Бізде президенттің бастамаларын халық қашан да қолдайды [:]

[:kz]

Без названияСәрсенбі күні «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы «Время» газетінің тілшісіне берген сұхбатында Қырғызстан президентінің айтқанына күле жауап берді. Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев қырғыз елінің жағдайын айта келе, елімізде ашылған көрме жайын сөз қылған: «Егер мен көрменің ұйымдастырылуына Астана секілді 3 млрд. доллар жұмсағанымда, мені тірідей өртеп жіберетін еді». Қырғыз басшысының айтқан сөзіне қатысты тілшілер Ахметжан Есміовтің пікірін сұраған еді, ол бүй деді: «Қырғыз халқы өз президенттеріне не істейтінін білмеймін. Бізде президенттің әр бастамасы халық тарапынан қашан да қолдау тауып отырады. Мен өзім айналысып отырған жоба бойынша, мынаны айтқым келеді: ЭКСПО нысандарының құрылысына 3 млрд емес, 1,3 млрд доллар қаржы жұмсалды. Көріп отырғандарыңыздай, бұл нысандар өте сапалы және ұзақ мерзімді. Ол Қазақстан халқына ондаған жылдар бойы қызмет етеді, қаланың көркіне айналады және жұмсалған қаржының орнын толтырады. Бүгінгі күннің өзінде демеушілерден, билет сатудан, жалға беруден, лицензиялық-инвестициялық қызметтен, жарнамадын, тұрақтардын, қаржыны дұрыс бағыттау нәтижесінде түскен қаржы көлемі 70 млрд тенгені яғни 220 млн долларды құрап отыр. Сондықтан көрме туралы Атамбаев мырзаның қолындағы деректер шындықтан алыс жатқанын айтқым келеді». Шолшуы: Гүлім Жақан

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/Home/Show/20411

[:]