АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]17 жастағы бала шұлық сатып қалай миллионер болғанын айтып берді [:]

[:kz]

58fef49ce9c17170417152739-brennan-agranoff-780x439Бреннан Агранофф өзінің бұл бизнесін 13 жасында бастаған. Ата-анасы алғашқы капиталы үшін үш мың доллар қаражат берген. Сол кезде шұлық сатып алып оған дизайн ойлап таппақшы болады. Қасындағы сыныптастары сабақ оқып, қыдырып жүргенде Бреннан өзінің бизнесін негіздеп жатқан. Ол өзінің алғашқы миллион долларын тек төрт жыл өткен соң ғана жинаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл идея жас жігітке 2013 жылы баскетбол матчы барысында келген. Ол барлық ойыншылардың бірдей ақ шұлық кигенін байқаған. Сонда ерекше стильде, ерекше дизайнда шұлық шығарса қалай болар екен деп ойласа керек. Содан кейін әке-шешесін инвестиция салуға көндірген. ac24d43b28fb162e708ee1860b383a00__1920x(1)Алты айдан кейін ол өзінің ісін үй гаражында ашқан. Қазіргі уақытта оның кішігірім кәсіп орнында 17 жұмысшы бар. Оның ішінде Бреннанның анасы да бар. 17 жастағы миллионердің сөзіне қарағанда, жеке кәсіпкер болу үшін жас ерекшеліктің маңызы жоқ. 1 Ұнайды

http://qamshy.kz/home/show/1809

Суреттер Қамшы кз сайтынан алынды

[:]